Жарнама
Жарнама

«Уәде беріп қойған»: Чесноковтың қай клубқа оралатыны белгілі болды

Редактор
10.06.2026, 12:49
әлеуметтік желі

Қазақстан құрамасының және шотландиялық «Хартс» клубының вингері Ислам Чесноковтың болашағы қызу талқыланып жатыр. Футболшыға бірнеше клуб қызығушылық танытып отырғанымен, әзірге Қазақстан чемпионатына оралу оның басты жоспары емес.

ASnews.kz мәліметінше, егер Чесноков мансабын Қазақстан Премьер-лигасында жалғастыру туралы шешім қабылдаса, онда ол тек Қостанайдың «Тобыл» клубына ауысады. Дереккөздің хабарлауынша, футболшы кезінде «Тобылдан» кеткенде клубқа қайта оралуға уәде берген. Егер Қазақстанға қайтатын болса, ол осы сөзінде тұруды көздеп отыр.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Ислам Чесноковқа шымкенттік «Ордабасының» қызығушылық танытып отырғанын жазған еді. Алайда қазіргі таңда футболшы үшін басты мақсат – шетелдегі мансабын жалғастыру. Қазіргі уақытта қазақстандық ойыншыға Ресей мен Түркияның бірнеше клубы назар аударып отыр. Солардың бірі – Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін Самараның «Крылья Советов» командасы.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, ресейлік клуб Чесноковтың трансфері үшін «Хартсқа» 200 мың еуро ұсынуға дайын. Дегенмен тараптар арасында әзірге нақты келісім жасалған жоқ.

Ислам Чесноков шотландиялық «Хартс» клубына өткен қысқы трансферлік терезеде ауысқан болатын. Алғашқы маусымында ол барлық турнирде 11 матч өткізіп, бес рет негізгі құрамда алаңға шықты. Қазақстандық футболшы өз еншісіне бір гол жазып, бір пенальти алып берді.

Реклама
Реклама