Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Венгрияға есе жіберді

Редактор
10.06.2026, 09:57

Кездесу алаң иелерінің 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды

championat.com

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Венгрияға қарсы өткізген жолдастық матчта жеңіліске ұшырады. Дебрецен қаласындағы «Надьердеи» стадионында өткен кездесу алаң иелерінің 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Матч қазақстандықтар үшін сәтті басталды. Кездесудің 9-минутында қорғаушы Сергей Малый есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. Ол Максим Самородов бұрыштамадан асырған допты баспен дәл бағыттап, Венгрия қақпасынан саңылау тапты.

Алайда үзілістен кейін алаң иелері шабуылды үдетіп, екінші таймда үш бірдей гол соқты. Алдымен Венгрия құрамасының капитаны Доминик Собослаи 52-минутта әріптесінің пасын нәтижелі аяқтап, таразы басын теңестірді.

67-минутта Андраш Шефер алыстан бағыттаған тамаша соққысымен командасын алға шығарды. Доп қақпа маңдайшасына тиіп, тордан бір-ақ шықты.

Қазақстан құрамасының жағдайын 63-минуттағы эпизод қиындата түсті. Максим Самородов екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осыдан кейін қазақстандық футболшылар кездесудің қалған бөлігін он ойыншымен өткізуге мәжбүр болды.

Осылайша венгриялықтар қосымша уақытта үшінші голды соқты. 90+3-минутта Раймунд Тот мергендік танытып, матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Бұған дейін ұлттық құрама Армениямен өткен жолдастық кездесуде 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Реклама
Реклама

Материалда: