1/8 финалдың ең қызықты ойыны Португалия мен Испания және Бразилия мен Норвегия арасында өтеді деп күтілуде
Футболдан Әлем чемпионатының 1/16 финал ойындары түгелімен аяқталды. Соңғы матч Колумбия мен Гана арасында өтіп, латынамерикалықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ, бұл күні Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы Кабо-Вердені әзер жеңді. Әлем чемпиондары дебютант әрі аутсайдерді ойсырата ұтады деп күтілгенімен, матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең айқталып, экстра таймда аргентиналықтар 3:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, 1/8 финалда өнер көрсететін сегіз жұптың бәрі анықталды. Олар:
1/8 финалдың ең қызықты ойыны Португалия мен Испания және Бразилия мен Норвегия арасында өтеді деп күтілуде. Алғашқы жұпта Роналду мен Ямальдың текетіресін жанкүйер асыға күтсе, екінші жұпта норвегтер сенсация жасауы мүмкін деген болжам айтылып жатыр.