Жарнама
Жарнама

«Елімай» – «Ордабасы» матчында жазаланған Карповичтің өтінішін ҚФФ қанағаттандырмады

Редактор
Бүгін, 13:26

Семейліктердің бас бапкері Андрей Карпович және футболшы Жан Әли Пайруз 4 матчқа шеттетілген еді

Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясының жанындағы Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтіп, «Елімай» ФК бас бапкері Андрей Карповичтің өтінішін қарады.

Есте болса, ҚПЛ-дің 13-турында Семейде «Елімай» мен «Ордабасы» кездесіп, шымкенттіктердің жеңісінен кейін матч соңы үлкен дауға ұласқан еді. Тіпті, осы ойынға төрелік еткен судья балағат сөз айтқаны үшін 5 тәулікке де қамалған. Ал, семейліктердің бас бапкері Андрей Карпович және футболшы Жан Әли Пайруз 4 матчқа шеттетілді.

Тәртіптік комитеттің отырысында Карпович пен Пайруздың «дисквалификацияны ішінара тоқтату» туралы өтініші қаралды. Алайда, комиссия өкілдері қолданылған жазаның орынды екенін айтып, екеуінің де өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Реклама
Реклама