Жарнама
Жарнама

«Елімай» Айбар Жақсылықовтың жарақатына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Редактор
Бүгін, 14:52

Оңалту процесі шамамен алты аптаға созылады

ФК “Елімай”

Семейдің «Елімай» футбол клубы қазақстандық шабуылшы Айбар Жақсылықовтың жарақатына қатысты ресми ақпарат жариялады.

Клубтың медициналық штабының мәліметінше, 28 жастағы футболшының алдыңғы таран-шыбық байламы (ATFL) толық үзілген. Дәрігерлердің алдын ала болжамы бойынша, ойыншыны оңалту және толық қалпына келтіру процесі шамамен алты аптаға созылады.

Айбар Жақсылықов осы маусымда «Елімай» футбол клубы сапында Қазақстан Премьер-лигасында 14 матчқа қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Қазіргі уақытта «Елімай» ҚПЛ-2026 маусымында 16 турдан кейін 26 ұпаймен турнирлік кестенің төртінші сатысында тұр. Алдағы күндері семейлік клуб УЕФА Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Арменияның "Алашкерт" футбол клубы командасымен кездеседі.

Реклама
Реклама