Жарнама
Жарнама

Түркия клубы өзбекстандық Элдор Шомуродовқа қатысты ресми шешімін жариялады

Редактор
Бүгін, 17:26

Элдор Шомуродов Түркия чемпионатында жоғары нәтижесімен көзге түсті

Getty Images

Өзбекстан құрамасының капитаны Элдор Шомуродов мансабын Түркияның Истанбул Башакшехир клубында жалғастырады.

Ыстанбұлдық клуб өзбек шабуылшысының трансферін ресми түрде рәсімдегенін хабарлады. Бұған дейін футболшы команда сапында жалдау шартымен өнер көрсеткен болатын. Енді «Башакшехир» оның келісімшартын Рома клубынан толық сатып алды.

БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, трансфер құны 2,8 миллион еуроны құрады. Ал жаңа келісімшарт 2028 жылдың жазына дейін есептелген.

Өткен маусымда Элдор Шомуродов Түркия чемпионатында жоғары нәтижесімен көзге түсті. Ол 34 матчта 22 гол соғып, бес нәтижелі пас беріп, Суперлиганың үздік сұрмергені атанды.

31 жастағы шабуылшының кәсіби жолы Өзбекстандағы «Машал» академиясынан басталды. Кейін «Бунёдкор» сапында өнер көрсетіп, 2017 жылы Ресейдің Ростов клубына ауысты. Одан кейін Италияның Дженоа, Рома және Кальяри командаларында доп тепті.

Шомуродов ұлттық құрамадағы көшбасшы ойыншылардың бірі саналады. 2026 жылғы әлем чемпионатында оның Конго Демократиялық Республикасы ұлттық футбол құрамасы қақпасына соққан добы топтық кезеңнің үздік голы деп танылды. Сонымен қатар бұл гол шабуылшының Өзбекстан құрамасы сапындағы 45-голы болды.

Реклама
Реклама