Бұл – оның алтыншы әлем чемпионаты
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Испаниядан жеңілгеннен кейін өз мансабына қатысты басты сұраққа жауап берді.
Еске салайық, ӘЧ-ның 1/8 финалында Португалия Испаниядан 0:1 есебімен жеңілді. 41 жастағы шабуылшы бұл мундиальда небәрі үш голмен үйіне қайтты.
«Мен асығыс шешім қабылдамаймын және команданың осы әлем чемпионатында атқарған ісінен жұрттың назарын өзімнің жеке шешімдеріме аударғым келмейді», - деді Роналду матчтан кейін.
Бұл – оның алтыншы әлем чемпионаты. Даңқты футболшы Португалия құрамасымен үш трофей жеңіп алған, алайда бар арманы Әлем кубогін иелену екенін Роналду бұған дейінгі сұхбатында мәлімдеген болатын.