Жарнама
Жарнама

Ромеру Лукаку Дональд Трампты мазақ етті

Редактор
Бүгін, 11:23

1/8 финалда өткен ойында 4:1 есебімен Бельгия сенімді жеңіске жетті

Getty images

Бельгия құрамасы АҚШ-ты ойсырата жеңгеннен кейін шабуылшы Ромеру Лукаку әлеуметтік желіде америкалық президент Дональд Трампты мазақ еткен жазба қалдырды.

Еске салайық, 1/8 финалда өткен ойында 4:1 есебімен Бельгия сенімді жеңіске жетті. Ромеру Лукаку болса 90+3 минутта гол соғып, жанкүйерлерінің мерейін үстем етті.

Ардагер шабуылшы осы жеңістен кейін әлеуметтік желідегі өз парақшасына «күші жойылсын» деп қысқа жазба қалдырды. Батыс журналистері болса мұны Дональд Трамптың бұған дейінгі әрекетіне мысқылмен жазылған жауап екенін айтып отыр.

Есте болса АҚШ шабуылшысы Фоларин Балогун Босниямен өткен матчта қызыл қағаз алып, Бельгияға қарсы ойынға шықпауы тиіс еді. Алайда, Трамп ФИФА президентіне тікелей хабарласып, бұл жазаның күшін жойдырды. Мұны кейін америкалық президенттің өзі де жасырмады.

Реклама
Реклама