Жарнама
Жарнама

Франция құрамасы алғашқы болып Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Редактор
Бүгін, 03:11

Мбаппе бір гол соғып, нәтижелі бір пас берді

Getty Images

Франция құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Ширек финалда Дешам шәкірттері Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің үздік төрт командасының қатарына бірінші болып енді.

Ойынның алғашқы голы 60-минутта соғылды. Килиан Мбаппе Дезире Дуэнің пасын ұтымды пайдаланып, допты қақпаның жоғарғы бұрышына дәл тепті. Ал 66-минутта Мбаппенің өзі нәтижелі пас авторы атанып, Усман Дембеле қанжығасын майлады. Айып алаңының сыртынан тепкен допты Марокко қақпашысы Яссин Буну қайтара алған жоқ.

Осы жеңістің арқасында әлемнің қазіргі вице-чемпиондары алтын жүлде үшін күресті жалғастырады.

Франция құрамасы жартылай финалға дейін 1/32 финалда Швецияны (3:0), 1/16 финалда Парагвайды (1:0), ал ширек финалда Марокконы (2:0) жеңді.

Жартылай финалда Франция Испания мен Бельгия құрамалары арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Ойын 14 шілде күні өтеді.

Реклама
Реклама