Ол Швейцарияны жеңгеннен кейін өз ойын бөлісті
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Швейцарияны жеңгеннен кейін өз ойын бөлісті.
Ол Instagram парақшасында матчтан фотолар жариялап, жанкүйерлерге арнап жазба қалдырды.
«Біз тағы да қиындықтарға тап болдық. Бірақ бұл команда ешқашан сенуді тоқтатпайды. Біз қайтадан әлемнің үздік төрт құрамасының қатарына ендік. Алға!»
Еске салайық, Лионель Скалони шәкірттері қосымша уақытта Швейцарияны 3:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бұл кездесуде Месси бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Аргентина құрамасы финал жолдамасы үшін Англиямен кездеседі. Жартылай финал матчы 16 шілдеге қараған түні Қазақстан уақытымен өтеді.