«Астана» футбол клубы енді Астанада ойнамайды

Редактор
24.02.2024, 16:49

Астаналық жанкүйерлер сүйікті клубының ойынын теледидардан немесе Алматыға барып көре алады

Астана ФК

«Астана» футбол клубы биылғы маусымды толықтай Алматыда өткізетін болды. Бұл туралы клубтың Instagram-парақшасында жазылған.

Мұндай шешім «Астана Арена» стадионында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты қабылданған. Айта кетейік, елорданың бас стадионы жазда Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қолданылуы мүмкін.

«Елордалық команда «Астана Арена» стадионындағы жөндеу жұмыстарына байланысты 2024 жылғы маусымда Алматы қаласындағы «Хан Тәңірі» стадионында ойнайтын болады. Ел чемпионатының маусымашар матчы әрі біздің алғашқы ойынымыз – «Жеңіспен» кездесу Алматыда, 1 наурызда, сағат 14:30-да өтеді»,  аталған хабарламада.

Материалда: