Қостанайлық клуб 26 ақпанда «Орлабасымен» Қазақстанның Суперкубогін сарапқа салады
Қостанайдың «Тобыл» футбол клубының қатарын италиялық шабуылшы Годберг Купер толықтырды. Еуропадан келген аяқ доп шебері ел біріншілігі тарихындағы Италиялық алғашқы ойыншы атанып отыр.
Годберг Купер 20 тамызда 27 жасқа толады. Италияның Бергамо провинциясында дүниеге келген ол жергілікті «Аталанта» клубының академиясының түлегі.
Футболдағы соқпағын «Аурора Сериата» клубында бастап, кейін Албания, Македония және Португалия біріншілігінде өнер көрсеткен. Ол «Тобылға» румыниялық «UTA Arad» командасынан ауысып отыр.