Жарнама
Жарнама

Дешамның дәуірі аяқталды: Франция құрамасына Зидан келеді

Редактор
Бүгін, 10:07

Оның 2012 жылдан бері жалғасқан қызметі аяқталады

Getty Images

Белгілі спорт журналисі Фабрицио Романоның мәліметінше, Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам қызметінен кетіп, оның орнын аңызға айналған Зинедин Зидан басады.

Романоның айтуынша, Дешам ұлттық құрамамен тек үшінші орын үшін өтетін матчты өткізеді. Осыдан кейін оның 2012 жылдан бері жалғасқан қызметі аяқталады.

«Дидье Дешамның Франция құрамасындағы кезеңі мәресіне жетті. Үшінші орын үшін соңғы матч, содан кейін қоштасу және Зинедин Зидан дәуірінің басталуы», – деп жазды журналист X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ Романо Дешамның ұлттық құрамадағы жетістіктеріне тоқталды.

«Дешам осы аптада Франция құрамасының бас бапкері ретіндегі соңғы матчын өткізеді. Оның жетекшілігімен команда әлем чемпионы атанды, сондай-ақ әлем чемпионаттарының финалы мен жартылай финалына дейін жетті. Оның дәуірі аяқталды. Зинедин Зидан. Here we go!» – деді ол.

Айта кетейік, Дидье Дешам Франция құрамасын 2012 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен француздар 2018 жылғы әлем чемпионатында топ жарса, 2022 жылы финалға дейін жетті. 2026 жылғы мундиальда команда жартылай финалда Испаниядан жеңіліп, енді қола жүлде үшін ойнайды.

Реклама
Реклама

Материалда: