Жарнама
Жарнама

Әйгілі Роналдо Неймарға үндеу жасады

Редактор
Бүгін, 12:55

Неймар ұлттық құрама сапында 130 матч өткізіп, 80 гол соққан және нәтижелі 59 пас берген

Getty Images

Неймар Бразилия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын айтқан соң оның отандасы Роналдо асығыс шешім қабылдамауға үндеді.

Әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегиядан жеңіліп қалғаннан кейін Неймар бұдан кейін ұлттық құраманың жейдесін кимейтінін мәлімдеген еді. Роналдо болса мұны эмоциямен қабылданған шешім екеніне сенімді.

«Өзінен ешнәрсе талап етпе және шешім қабылдама. Дәл қазір оған ешқандай қажеттілік жоқ», - деді әлемнің екі дүркін чемпионы TNT Sport Brasil телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Неймар ұлттық құрамаға қабылдануы үшін өте үлкен қиындықтар мен кедергілерден өткен. Мұның бәрін бір сәтте ұмыта салуға болмайды дейді ол.

«Неймар бұл чемпионатқа қатысу үшін барын салды. Алдыңғы екі жыл бойы ол ауыр жарақатпен күрескенін ұмытпауымыз қажет. Ол қайтадан өз ойынын тауып, қатарынан 10-15 матч өткізіп, гол соға бастауы керек, сонда өзіне сенімділігі артады», - деді Роналдо Бразилия жанкүйерлеріне.

Айта кетейік, Неймар ұлттық құрама сапында 130 матч өткізіп, 80 гол соққан және нәтижелі 59 пас берген. Бұл көрсеткіштер жағынан Бразилияда оның алдына түсер футболшы жоқ.

Реклама
Реклама