Оқиға әлем чемпионатының жартылай финалынан кейін болған
Испания құрамасының жас жұлдызы Ламин Ямальдың Барселона маңындағы Эсплугес-де-Льобрегат ауданындағы үйін ұрылар тонамақ болған.
Оқиға әлем чемпионатының жартылай финалынан кейін болған. Жекеменшік күзет қызметкері бейнебақылау камералары арқылы қоршаудан асып өтпек болған екі ер адамды дер кезінде байқап қалған.
Өздерінің әшкереленгенін түсінген күдіктілер полиция келгенге дейін оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Соның арқасында олар үйге кіре алмаған.
Кейін оқиға орнына Каталония полициясының қызметкерлері келіп, қылмыстық іс бойынша тергеу бастады.
Тергеушілер дәл сол түні өзге үйлерде де осыған ұқсас ұрлық әрекеттері болғанын анықтаған. Қазір олар Ямальдың үйі қаскөйлердің нақты нысанасы болды ма, әлде сериялық ұрылардың кездейсоқ таңдауы болды ма деген мәселені тексеріп жатыр.