Жарнама
Жарнама

«Жүйе әбден іріп-шіріген»: Ла Лига басшысы Инфантиноның қызметтен кетуін талап етті

Редактор
22.07.2026, 19:40

Тебас Инфантиноның дәуірі аяқталғанын айтты

© Jamie Sabau - FIFA / Contributor / FIFA

Испанияның Ла Лига президенті Хавьер Тебас ФИФА басшысы Джанни Инфантиноны қатаң сынға алып, оның қызметінен кетуі керек екенін мәлімдеді.

La Gazzetta dello Sport басылымына берген сұхбатында Тебас Инфантиноның дәуірі аяқталғанын айтып, қазіргі басқару жүйесін сынға алды.

«Менің ойымша, оның уақыты өтті. Бірақ ол федерациялардың қолдауына сүйенетін жүйеге арқа сүйеп отыр. Сондықтан жақын арада ештеңе өзгермейді. Оппозициядан үміткер жоқ, өйткені ешкім жеңілетін сайлауға қатысқысы келмейді. Бұл жүйе әбден іріп-шіріген. Инфантино қызметте қалмауы керек, бірақ қазіргі жағдайда ол кетпейді», – деді Тебас.

Оның айтуынша, соңғы уақытта Инфантиноның жұмысына наразы адамдар көбейгенімен, олардың ешқайсысы нақты әрекетке көшпей отыр.

Айта кетейік, бұған дейін New York Post басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың Джанни Инфантиноны БҰҰ-ның Бас хатшысы қызметіне ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы хабарлаған еді.

Реклама
Реклама

Материалда: