Жарнама
Жарнама

Қазақстанның экс-бас бапкері Әлем чемпионатының деңгейін қатаң сынады

Редактор
22.07.2026, 23:13

Ол сыра бағасының тым қымбат болуына наразылығын білдірді

Голубович Дмитрий, «Чемпионат»

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері – ресейлік маман Станислав Черчесов Әлем чемпионатын ұйымдастыру деңгейінің өте нашар болғанын айтып сынады.

Еске салайық, мундиаль биыл үш мемлекетте – Канада, АҚШ және Мексикада қатар өтті. Финалдық кездесу Нью-Йоркте Испания мен Аргентина арасында болып, еуропалықтардың жеңісімен аяқталды.

«Бәрі өте әдемі болды. Жалаулар, әнұрандардың шырқалуы, сапалы телетрансляция – бәрі жақсы. Бірақ, үлкен кемшілігі – қымбатшылық. Стадиондағы бір шөлмек сыраның бағасы 18 доллар болғанын білемін. Бұл қалай? Футбол жанкүйерлер үшін емес пе? VIP емес, қарапайым жанкүйерлер үшін. Олардың қалтасы мұндай бағаны көтермейді. Ал, финалдық матч билетінің бағасы мүлдем адам шошырлық болды. Стадионға кіру үшін 20 мың доллар деген не масқара?! Кейінірек ұйымдастырушылар чемпионаттың қалай өткенін бағамдап жатар, тарихта алғаш рет үш мемлекетте өтіп отыр, сондықтан баға беруге асықпайық», - деді Станичлав Черчесов.

Еске салайық, Черчесов қазіргі таңда «Ахматтың» бас бапкері. Ол 2025 жылы Қазақстан құрамасының тізгінін алып, масқарамен отставкаға кеткен еді. Атап айтқанда, ресейлік маманмен Қазақстан құрамасы бірде-бір жеңіске жетпегені өз алдына, бірде-бір гол соға алған жоқ.

Реклама
Реклама