Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ
Қазақстан Суперкубогін сарапқа салған «Ордабасы» мен «Тобыл» арасындағы ойында жанкйүерлер төбелесті.
Төбелеске не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қос тараптың жанкүйерлері алдымен бір-біріне жұдырық ала жүгірсе, артынша орындық лақтырды. Жараланғандар туралы да ақпарат жоқ.
Сол маңда болған өзге көрермендер қос тарапты ажыратып, қызуқанды жігіттер ойынды одан әрі тамашалады.
Ал, ойынның өзі 1:1 есебімен тең аяқталып, матч соңынан кейін болған пенальтиде қостанайлық «Тобылдың» асығы алшысынан түсті. «Ордабасы» 11 метрлік айып добын 6 рет теуіп, екеуінде мүлт кетсе, «Тобыл» ойыншылары тек бірақ рет қателесті.