Бақтиер Зайнутдинов «Галатасараймен» болатын ойыннан шеттетілді

Редактор
26.02.2024, 11:06

Матч осы аптаның демалысында болады

Бешикташ ФК

Стамбұлдың «Бешикташ» клубында ойнайтында қазақстандық қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов бір ойыннан шеттетілді.

Түркия Суперлигасының 27-турында «Бешикташ» «Истамбулспор» командасымен кездескен болатын. Бұл матчта Зайнутдинов қосалқы құрамда отырып, тек 87-минутта алаңға шықты. Ал, 94-минутта ол ереже бұзып, төреші оған «сары қағаз» көрсетті. Бұл қазақстандық футболшының биылғы маусымда алған төртінші ескертуі болғандықтан, ол келесі ойынға қатыса алмайды. Ал, 28-турда Зайнутдинов командасы «Галатасарайға» қарсы матч өткізеді.

«Истамбулспорды» «Бешикташ» 2:0 есебімен жеңді де, турнир кестесінің төртінші сатысында орнықты.

Еске салайық, бұған дейін Бақтиер Зайнутдинов өз жанкүйерлерімен бірге «Галатасарай» клубын балағаттаған еді. Ол кезде қарсылас команданың жанкүерлері қазақстандық футболшының бірнеше матчтан шеттетілуін талап еткен.