Жарнама
Жарнама

«Тобыл» Конференция лигасындағы алғашқы ойынында камбэк жасады

Редактор
23.07.2026, 23:19

Асхат Тағыберген пенальтиден гол соға алмады

ФК Тобыл

Конференция лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымында Қостанайдың «Тобылы» литвалық «Паневежиспен» кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасты.

Матч Литвада өтті. Алаң иелері 45-минутта гол соғып, жанкүйерлерін бір қуантқан. Алайда, 84-минутта «Тобыл» сапынан Неманья Чавнич көзге түсіп, таразы басын теңестіріп кетті.

Айта кету керек, қостанайлық клубтың жеңіске жететін мүмкіндігі болды. 60-минутта төреші «Паневежис» ойыншысы өз айып алаңында дөрекі ойнап, төреші пенальти белгілеген. Алайда, команда капитаны Асхат Тағыберген 11 метрлік айып добын голға айналдыра алмады.

Енді қарымта матч 30 шілдеде Қостанайда өтеді. Жеңіске жеткен команда «Партизан» (Сербия) – УНА (Люксембург) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Реклама
Реклама