Жарнама
Жарнама

Канье Уэстке байланысты «Қайраттың» матчы Алматыда өтпейді

Редактор
Бүгін, 19:18

УЕФА матчты «Түркістан Аренада» өткізуге келісім берді

Коллаж 1bol.kz

«Қайрат» футбол клубы еурокубоктың үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал өз алаңындағы матчтың өткізілетін орнына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Клубтың хабарлауынша, 14 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда әлемге танымал америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтеді. Осыған байланысты стадион дәл сол кезеңде өтуі мүмкін еурокубок кездесуін қабылдай алмайды.

Қалыптасқан жағдай мен халықаралық күнтізбенің тығыздығын ескерген «Қайрат» УЕФА-ға үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал үй матчын басқа қалада өткізу туралы өтініш жолдаған.

Өтініш қаралып, УЕФА кездесуді Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткізуге келісім берді.

Клуб матчтың нақты күні мен басталу уақыты, сондай-ақ билет сатылымының басталуы туралы ақпарат команданың еурокубоктағы келесі кезеңге шығу тағдыры анықталғаннан кейін қосымша жарияланатынын мәлімдеді.

Реклама
Реклама