Жарнама
Жарнама

Аргентина мен Испанияны әбігерге салған қақпашы жаңа клубқа ауысады

Редактор
Бүгін, 14:26

40 жастағы ӘЧ қаһарманы әйгілі клубтың ойыншысы атанбақ

© Siphiwe Sibeko / Reuters

2026 жылғы әлем чемпионатында жарқын ойынымен жанкүйерлерді тәнті еткен Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возинья жаңа клубқа ауысуға жақын.

Инсайдерлер Фабрицио Романо мен Герман Гарсия Грованың мәліметінше, 40 жастағы қақпашы жақын күндері Чилидің атақты «Коло-Коло» клубымен еркін агент ретінде келісімшартқа қол қояды. Соңғы екі маусымды Португалияның екінші лигасындағы «Шавеш» сапында өткізген тәжірибелі голкипер шілде айының басынан бері клубсыз жүрген.

Кабо-Верде құрамасы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, бірден басты сенсациялардың біріне айналды. Команда H тобында бірде-бір матчта жеңілмей, плей-офф кезеңіне шықты. Ал 1/16 финалда сол кездегі әлем чемпионы Аргентина құрамасын әбден әбігерге салып, тек қосымша уақытта ғана 2:3 есебімен жол берді.

Возиньяның танымалдығы да дәл осы турнирден кейін күрт артты. Әлем чемпионаты басталғанға дейін оның әлеуметтік желідегі парақшасына небәрі 50 мың адам жазылған еді. Алайда Испания мен Аргентинаға қарсы көрсеткен тамаша ойынынан кейін жазылушылар саны 29,5 миллионнан асып, ол әлемдегі ең көп оқырманы бар қақпашы атанды.

Реклама
Реклама