Жарнама
Жарнама

Винисиустың агенттері «Арсеналмен» келісім болғанын жоққа шығарды

Редактор
02.08.2026, 18:48

Футболшының «Реалмен» келісімшарт мерзімі 2027 жылдың жазында аяқталады

Aitor Alcalde/Getty Images

Мадридтік «Реал» клубының өкілдері бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниордың «Арсеналмен» келіссөз жүргізіп жатқаны туралы ақпараттан бейхабар екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, футболшының агенттері де лондондық клубпен ешқандай келісімнің болмағанын айтып отыр.

AS басылымының мәліметінше, корольдік клубтың басшылары қазір Винисиустың өзінен нақты ақпаратты күтіп отыр. Олар сондай-ақ, шабуылшымен 2027 жылы аяқталатын келісімшартты да талқыламақшы. Егер футболшының өзі оны создырғысы келмесе, сату мәселесін қарастырады.

Бразилиялық шабуылшының «Реалдан» «Арсеналға» ауысатыны туралы ақпарат соңғы бір аптадан бері әлемдік БАҚ беттерінде жазылып жатыр. Лондондық клуб Винисиусты сатып алу үшін 135 млн еуро төлеуге дайын көрінеді.

Реклама
Реклама