Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» «Тобылды» жеңіп, турнирлік кестенің бірінші орнына көтерілді

Редактор
02.08.2026, 22:32

Қостанайлық клуб екінші таймда бір ойыншыға кем ойнады

ФК "Ордабасы"

ҚПЛ-дің 20-турынан кейін турнирлік кестенің көшбасшысы ауысты. Өз алаңында «Тобылды» қабылдаған «Ордабасы» 2:0 есебімен жеңіске жетіп, бірінші орынға көтерілді.

Матчтың 19-минутында Эльхан Астанов есеп ашқан. Екінші таймда «Тобыл» ойыншысы Наурызбек Жагоров қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Мұнан кейін шымкенттіктер шабуылды үдете түсіп, ақыры 87-минутта Сергей Малый көзге түсіп, есепті 2:0-ге жеткізді.

Осылайша, 20 ойыннан кейін 46 ұпай жинаған «Ордабасы» турнир кестесінің бірінші сатысына көтерілді. Екінші орында 45 ұпаймен «Қайрат» тұр. Одан 10 ұпай аз жинаған «Астана» болса үздік үштікте.

Бұл күні «Оқжетпес» өз алаңында «Алтайды» қабылдап, 4:1 есебімен ойсырата жеңді. «Жеңіс» пен «Елімай» 0:0 есебімен тең тарқасса, «Астана» сырт алаңда «Ұлытау» қақпасына жауапсыз екі гол соқты.

Реклама
Реклама