Жарнама
Жарнама

Ферран Торрес пен Илия Топурияның түнгі клубта құшақтасқан сәті видеоға түсіп қалған

Редактор
Бүгін, 11:38

Бұған дейін Ферран Торрестің Испания құрамасындағы командаласы Маркос Льорентемен жағажайда құшақтасып тұрған фотосы тараған

Ферран Торрестің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Әйгілі файтер, UFC-де жартылай жеңіл және жеңіл салмақта әлемнің экс-чемпионы Илия Топурия даңқты футболшы Ферран Торреспен Ибицадағы түнгі клубта демалғаны көпшіліктің қызу талқысына түсті. Қос спортшының құшақтасып тұрған сәтін келушілердің бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

Есте болса, бұған дейін Ферран Торрестің Испания құрамасындағы командаласы Маркос Льорентемен жағажайда құшақтасып тұрған фотосы тарап, көпшілік оның қызтеке болуы мүмкін екенін жазған. Енді Топуриямен бірге демалғаны желі қолданушыларының күдігін үдете түсті.

Еске салайық, Ферран Торрес Әлем чемпионатының финалында Аргентина қақпасына жеңіс голын соққан болатын. Ол «Барселона» түлегі және қазір каталондық клуб сапында ойнайды.

Илия Топурия да Испания азаматы (шыққан тегі – Грузия). Ол аралас жекпе-жекте 18 кездесу өткізіп, соның 17-де жеңіске жеткен, бір рет жеңілген.

Реклама
Реклама