Жарнама
Жарнама

Винисиус Жуниор «Арсеналға» ауыспайды, ол өз таңдауын жасады – БАҚ

Редактор
Бүгін, 12:15

Бұған дейін лондондық клубтың оған 130 млн еуро төлеуге дайын екені хабарланған болатын

Getty Images

Мадридтік «Реалдың» вингері Винисиус Жуниор «Арсеналға» ауыспайтын болып шешті. Бұл туралы Cope басылымы жазды.

Дереккөздің мәліметінше, 26 жастағы бразилиялық футболшы жақын уақытта Мадридтен ешқайда кетпейтінін, мансабын корольдік клубта жалғастыратынын айтқан. Ол өз агенттеріне «Реалмен» келісімшартты тездетіп әзірлеуді тапсырыпты.

«Мәселені тездетіп шешу керек, мен осында қалғым келеді», - деген Винисиус өз агенттеріне.

Осылайша ол «Арсеналға» ауысу тақырыбын бразилиялық шабуылшы жапқан секілді. Бұған дейін лондондық клубтың оған 130 млн еуро төлеуге дайын екені хабарланған болатын.

Реклама
Реклама