Жарнама
Жарнама

Қайрат Боранбаев халықаралық деңгейде жаңа қызметке кірісті

Редактор
Бүгін, 11:13

Боранбаев Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті қызметін атқарып отыр

Әлеуметтік желі

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт федерациясының (IBSA) Атқарушы кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Тиісті шешім 2026 жылғы 3 тамызда ұйымның Атқарушы кеңесінің отырысында қабылданды.

IBSA – көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында спортты дамытатын халықаралық ұйым. Федерация әлемнің 100-ден астам елінің ұлттық комитеттері мен федерацияларын біріктіріп, паралимпиадалық қозғалысты дамытуға, халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға және инклюзивті спортты насихаттауға бағытталған.

Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан өкілінің IBSA Атқарушы кеңесіне енуі халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, көру қабілеті бұзылған спортшыларға арналған бастамаларды ілгерілетуге және еліміздің әлемдік паралимпиадалық қозғалыстағы рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қайрат Боранбаев – Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті. Сонымен қатар ол алматылық «Қайрат» футбол клубының мажоритарлық иесі.

Реклама
Реклама