Жарнама
Жарнама

Бүгін «Челси» мен «Ювентус» кездеседі: Дастан Сәтпаев алаңға шықпауы мүмкін

Редактор
Бүгін, 12:10

Хаби Алонсо Дэнни Уэлбек пен Михаил Мудрикті сынақтан өткізіп көреді

ФК "Челси"

Еуропа клубтары маусым алдындағы жолдастық кездесулерін жалғастырып жатыр. Бүгін Гонконгта лондондық «Челси» туриндік «Ювентуспен» өзара мықтыны анықтайды.

«Челсиге» жуырда ғана бас бапкер болып тағайындалған Хаби Алонсо үшін бұл маңызды ойындардың бірі. Бұған дейін «Тоттенхэмнен» жеңілгендіктен (1:2), лондондық клуб негізгі ойыншыларын тағы бір сынақтан өткізеді. 

Ағылшын басылымдарының жазуынша, бас бапкер бүгін орталық шабуылшы Дэнни Уэлбекті, жартылай қорғаушы Михаил Мудрикті алаңға шығарып, бабын тексереді. Алғашқысы «Челси» сапына бірнеше күн бұрын «Кристал Пэластан» ауысып келсе, соңғысы допинг дауынан кейін ұзақ демалып, жаттығуға енді кірісті.

Сонымен қатар, алаңға негізгі уақытта шығатын құрамда Педру Нету, Джовани Кенда, Майк Пендерс секілді ойыншылардың есімі аталды. Алайда, олардың қатарында қазақстандық Дастан Сәтпаев жоқ. Хаби Алонсо бұған дейінгі екі матчта оған мүмкіндік берген. Дастан алғашқы ойында гол соқса, «Тоттенхэмге» қарсы небәрі 20 минут ойнап, көзге түсе алған жоқ.

Реклама
Реклама