Жарнама
Жарнама

Мохамед Салах «Трабзонспордың» ойыншысы атанды

Редактор
Бүгін, 14:36
ФК «Трабзонспор»

Египет құрамасының даңқты футболшысы Мохамед Салах Түркияның «Трабзонспор» клубымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы клубтың юаспасөз қызметі хабарлап отыр.

Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, 34 жастағы шабуылшы 2 жыл мерзімге келісімшартқа қол қойған. Оның жейдесінде 61 деген номер болады.

Еске салайық, Салах 2025/26 жылғы маусым аяқталысымен «Ливерпуль» сапынан кетіп қалды. Англия клубында ол 2017 жылдан бастап өнер көрсеткен. Осы уақытта екі рет АПЛ чемпионы атанып, Англия кубогі, Чемпиондар лигасы және Клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Бұған дейін Мохамед Салах Стамбұлдың «Бешикташ» клубымен келіссөздер жүргізген болатын. Алайда, соңғы сәтте клуб басшылары келісімшарттың болмайтынын айтып, египеттік шабуылшыдан бас тартты.

Реклама
Реклама