Месси биыл тағы да «Алтын доп» алуы мүмкін

Редактор
27.02.2024, 12:51

Футболдан жылдың басты жүлдесіне үміткерлердің тізімі анықталды

Getty Images

Жыл сайын әлемнің ең үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» жүлдесіне үміткерлердің тізімін Goal журналы жариялады. Олардың қатарында Месси мен Роналду да бар.

Жүлде алуы мүмкін негізгі үш футболшылар тізімі өзгерген жоқ, олар: Джуд Беллингем («Реал», Англия ұлттық құрамасы), Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция құрамасы) және Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия құрамасы).

Ал, «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн болса алғашқы бестіктен шығып қалды. Төртінші және бесінші орындарды «Манчестер Сити» ойыншылары Фил Фоден мен Родри өзара бөлісіп тұр. Кейін – алтыншы.

Жалпы 20 футболшыдан тұратын фавориттер тізімінде «Алтын допты» сегіз рет жеңіп алған Лионель Месси мен бес рет иеленген Криштиану Роналду да бар.

1. Джуд Беллингем («Реал»)

2. Килиан Мбаппе (ПСЖ)

3. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»)

4. Филип Фоден («Манчестер Сити»)

5. Родри («Манчестер Сити»)

6. Харри Кейн («Бавария»)

7. Мохамед Салах («Ливерпуль»)

8. Винисиус Жуниор («Реал»)

9. Лаутаро Мартинес («Интер»)

10. Букайо Сака («Арсенал»)

11. Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»)

12. Антуан Гризманн («Атлетико»)

13. Хулиан Альварес («Манчестер Сити»)

14. Бернарду Силва («Манчестер Сити»)

15. Деклан Райс («Арсенал»)

16. Родриго («Реал»)

17. Криштиану Роналду («Аль-Наср»)

18. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»)

19. Флориан Виртц («Байер»)

20. Лионель Месси («Интер Майами»).