«Барселона» Дани Алвесті клуб аңыздары қатарынан алып тастады

Редактор
27.02.2024, 14:21

Ол каталондық клуб сапында 408 матч ойнаған

Goal.com

Қыз зорлағаны үшін 4,5 жылға сотталған даңқты футболшы Дани Алвесті «Барселона» клуб аңыздарының тізімінен алып тастады деп хабарлады Sport.es.

Дереккөз мәліметінше, клуб басшылары бұл әрекетке тек сот үкімі шыққаннан кейін ғана барған. Олар Алвестің ақталып шығатынынан үмітті болған көрінеді. Яғни, соңғы сәтке дейін футболшының қыз зорлағанына сенбеген.

Ал, Испания соты Дани Алвестің қыз зорлағаны толыққанды дәлелденгенін, тіпті бұл оқиғаның қалай болғанына дейін суреттеп беріп, оны 4,5 жылға түрмеге отырғызуға үкім кесті. Сондай-ақ, футболшы жәбірленген қызға 150 мың еуро төлейді. 

Бразилиялық қорғаушы «Барселона» сапында 408 ойын өткізіп, алты рет Испания чемпионатын, үш рет Чемпиондар лигасын, төрт рет Испания кубогін және үш рет Суперкубогін жеңіп алды.

Материалда: