Жарнама
Жарнама

«Үлкен қателік болады»: Трамп Инфантиноны жақтап шықты

Редактор
Бүгін, 12:09

Дональд Трамп Джанни Инфантиноны ФИФА президенті ретінде қолдады

© Catherine Ivill - AMA / Contributor / Getty Images Sport

АҚШ президенті Дональд Трамп қоғам тарапынан сынға ұшырап жатқан ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қолдайтынын мәлімдеді.

Трамп бұл пікірін өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Ол ФИФА Инфантиноны қызметінен ауыстыруды ойласа, үлкен қателікке жол беретінін айтты.

«ФИФА қандай да бір себеппен президент Джанни Инфантиноны ауыстыруды ойласа, өте үлкен қателік жасайды. Ол өз жұмысын керемет атқарып жүр. Оның басшылығымен тарихтағы ең табысты әлем чемпионаты өтті», – деп жазды АҚШ президенті.

Трамптың айтуынша, Инфантино қызметінен кетсе, келесі әлем чемпионаты дәл осындай табысты әрі қаржылық тұрғыдан тиімді болмауы мүмкін.

Бұған дейін ФИФА ерлер, әйелдер және клубтар арасындағы әлем чемпионаттарына қатысты коммерциялық құқықтардың бір бөлігін жеке инвесторларға беру мүмкіндігін қарастырған болатын. Бұл бастама Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) қарсылығына тап болды.

УЕФА құрамындағы барлық ұлттық қауымдастықтар ФИФА турнирлеріне бойкот жариялау мәселесін көтеріп, ұйым бұл бастамадан толық бас тартқанға дейін өз ұстанымдарын сақтайтынын мәлімдеді. Еуропалық тараптың бұл позициясын Америка мен Азия конфедерациялары да қолдады.

Реклама
Реклама