Жарнама
Жарнама

Темірлан Анарбековке ең төмен баға берілді

Редактор
11.08.2026, 23:32

Ең үздік көрсеткіш жартылай қорғаушы Яакко Оксаненге тиесілі

ФК “Қайрат”

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Левскиге» қарсы қарымта кездесуде команда ойыншылары арасында ең төмен баға алды.

Статистикалық Flashscore.com порталының бағалауынша, «Қайрат» құрамындағы ең үздік көрсеткіш жартылай қорғаушы Яакко Оксаненге тиесілі. Финляндиялық футболшының ойыны 7,6 балға бағаланды.

Ал Темірлан Анарбеков 6,0 балл жинады. Бұл – «Қайрат» ойыншылары арасындағы ең төмен көрсеткіш.

Еске салайық, Рафаэль Оразбахтин шәкірттері «Левскиге» қарсы алғашқы кездесуде де, қарымта матчта да 0:1 есебімен жеңіліп, екі ойынның қорытындысы бойынша 0:2 есебімен жол берді.

Осылайша, алматылық клуб Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады. Енді «Қайрат» еурокубоктағы өнерін Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде жалғастырады.

Алматылық команданың келесі қарсыласы «Андерлехт» (Бельгия) – ПАОК (Грекия) жұбының жеңімпазы болады. Бірінші кездесуде ПАОК өз алаңында 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Реклама
Реклама