Футболшының айналасындағылар бұл мәліметті жоққа шығарды
Қазақстан құрамасы мен лондондық «Челсидің» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың «Қайратқа» жалға қайта оралуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Бұған дейін Сәтпаевтың ойын тәжірибесін арттыру мақсатында Қазақстан Премьер-лигасына уақытша оралуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда футболшының айналасындағылар бұл мәліметті жоққа шығарды.
«Мұның бәрі – бос сөз», – деп қысқа жауап берген Сәтпаевтың жақындары.
Бүгін, 12 тамызда Дастан Сәтпаев 18 жасқа толды. Осы күннен бастап қазақстандық шабуылшы лондондық «Челсидің» толыққанды ойыншысы атанып, клуб сапында ресми түрде өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
BBC мәліметінше, қазақстандық шабуылшы 2026/27 жылғы маусымда «Челсидің» негізгі құрамына еніп, өзін көрсетуге ең үлкен мүмкіндік алған жас футболшылардың бірі болуы мүмкін.