Мессидің әкесі Хорхе Месси 69 жасында өмірден өтті
Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Аргентина құрамасы және «Интер Майами» футболшысы Лионель Мессиге әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Мессидің әкесі Хорхе Месси ұзақ уақытқа созылған аурудан кейін 7 тамыз күні 69 жасқа қараған шағында қайтыс болған еді. Осыдан кейін аргентиналық футболшы әлеуметтік желіде әкесіне арнап жазба жариялады.
Роналду сол жазбаның астына Мессиге қолдау білдіріп:
«Осы қиын сәтте сені және жақындарыңды құшақтаймын, Лео. Бекем бол», – деп жазды.
Айта кетейік, Лионель Месси сәрсенбі күні АҚШ-қа оралып, «Интер Майами» клубына қосылады деп күтілуде. Алайда оның алаңға нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.