Жарнама
Жарнама

Хави Нидерланд құрамасының бас бапкері атанды

Редактор
Бүгін, 11:27

Хави үшін бұл ұлттық құрамамен жұмыс істейтін алғашқы тәжірибе болмақ

Getty Images Sport

Нидерланд корольдік футбол одағы (KNVB) «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы әрі бапкері Хавиді ұлттық құраманың бас бапкері етіп тағайындады.

46 жастағы испаниялық маманмен жасалған келісімшарт 2030 жылғы әлем чемпионатына дейін есептелген. Хави бұл қызметте 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін қызметінен кеткен Роналд Куманның орнын басты.

Куманның жетекшілігімен Нидерланд құрамасы әлем чемпионатында 1/16 финалға дейін жетіп, Мароккоға пенальти сериясында 1:1, 2:3 есебімен жол берген еді.

Хави үшін бұл ұлттық құрамамен жұмыс істейтін алғашқы тәжірибе болмақ. Оның бапкер ретіндегі соңғы жұмыс орны «Барселона» болды. Испаниялық маман каталондық клубты 2021-2024 жылдары жаттықтырып, командасымен бірге 2022/23 маусымында Испания чемпионы атанды және 2023 жылы Испания Суперкубогын жеңіп алды.

Ал футболшы ретінде Хави «Барселонамен» бірге Испания чемпионатында сегіз рет және Чемпиондар лигасында төрт рет жеңіске жеткен.

Реклама
Реклама

Материалда: