«Тобыл» мен «Партизан» арасындағы қарымта кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді
«Тобыл» шабуылшысы Ислам Чесноков Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі «Партизанға» қарсы қарымта матч алдында команданың дайындығы мен көңіл-күйі туралы айтты.
Футболшы команда ішінде жақсы атмосфера қалыптасқанын атап өтті. Оның айтуынша, ойыншылар бір-бірін қолдап, жіберілген қателіктерден кейін алға қарай ұмтылуға тырысады.
«Әрқайсымыз қателесуіміз мүмкін. Командада қалыпты атмосфера бар. Бұл кез келген ойыншының басынан өтуі мүмкін екенін түсінеміз. Әрине, бір-бірімізді қолдап, сөйлесіп, алда бәрі жақсы болатынын айтамыз», – деді Чесноков.
Шабуылшы Белградтағы алғашқы матчтың нәтижесіне команда көңілі толмайтынын да жасырмады. «Тобыл» сырт алаңда 0:3 есебімен жеңілген болатын.
«Ертең ең мықты қырларымызды көрсетуіміз керек. Тіпті 100 емес, 200 пайызға күш салуымыз қажет. Сырт алаңдағы ойын үшін қатты өкініп отырмыз, өйткені командада есеп бұлай ірі болмауы керек еді деген пікір бар. Ертең жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз. Бұл – футбол, сондықтан бәрі мүмкін», – деді қазақстандық футболшы.
Айта кетейік, «Тобыл» мен «Партизан» арасындағы қарымта кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаз Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шығып, испаниялық «Хетафемен» кездеседі.