Жарнама
Жарнама

«Челси» Дастан Сәтпаевты «Бернли» клубына жалға бермекші

Редактор
14.08.2026, 22:41

Енді ол алдағы маусымды АПЛ-де емес, Чемпионшипте өткізуі мүмкін

Getty Images

Қазақстан құрамасы мен «Челсидің» қапталдағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев алдағы маусымда «Бернлиде» өткізуі әбден мүмкін. BBC сайтының жазуынша, лондондық клуб қазақ вингерін жалға беру туралы шешім қабылдаған.

18 жастағы футболшы «Бернлидің» «Терф Мур» стадионына келіп үлгерді. Енді ол медициналық тексеруден өтуі керек. Келісім жексенбі күні өтетін «Бернли» – «Вест Хэм» матчының алдында аяқталады деп күтілуде.

Сәтбаев «Челсиге» «Қайраттан» ауысқан болатын. Лондондық клуб оның трансферін 2025 жылдың қаңтарында 3,4 млн фунт стерлингке келісіп қойған. 2026 жылғы 12 тамызда, 18 жасқа толған күні, қазақстандық футболшы «Челсимен» алты жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісімде оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

«Бернли» соңғы маусымда АПЛ-ден «ұшып кетіп», биыл Чемпионшипте бағын сынайды. 

Айта кетейік, «Челси» осы аптада тағы бірнеше жас ойыншысын жалға жіберді. Райан Кавума-Маккуин «Портсмутқа», Реджи Уолш «Уиган Атлетикке» ауысты. Ал Шим Мхеуканың да лондондық клубтан кетуі жақын.

Реклама
Реклама