Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» «Алтайды» жеңіп, көшбасшылығын сақтап қалды

Редактор
15.08.2026, 22:10

Клубтың қоржынында 52 ұпай бар

instagram.com/fc__ordabasy

Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының 22-туры аясында өз алаңында Өскеменнің «Алтайын» 3:1 есебімен жеңді.

Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен кездесуде алаң иелері ойынның алғашқы минуттарынан-ақ басымдық танытты. Есепті 4-минутта Сергей Малый ашса, бірінші тайм аяқталмай жатып Берн Йонсен «Ордабасының» артықшылығын еселей түсті.

Үзілістен кейін шымкенттік команда ойын барысын бақылауда ұстап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Кездесу соңында «Ордабасы» тағы бір гол соғып, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін шымкенттік клубтың қоржынында 52 ұпай бар. «Ордабасы» турнир кестесінің бірінші сатысында келеді. Екінші орында тұрған алматылық «Қайраттан» екі ұпайға алда.

Ал «Алтай» 19 ұпаймен турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалды.

Реклама
Реклама