Жарнама
Жарнама

«Қайрат» үш бразилиялық ойыншымен толықты

Редактор
Бүгін, 19:27

Алматы командасына Бруно Томаселли, Жоау Педро және Луис Камило қосылды

instagram.com/afckairat

Алматылық «Қайрат» жаңа маусымға дайындық барысында құрамын күшейтуді жалғастырып жатыр. Клуб бірден үш бразилиялық футзалшымен келісімшартқа отырғанын ресми түрде мәлімдеді.

Алматы командасына Бруно Томаселли, Жоау Педро және Луис Камило қосылды.

24 жастағы Бруно Томаселли қақпашы ретінде ойнайды. Ол бұған дейін Бразилияның «Атлетико Пиауиенсе» клубының намысын қорғаған. Өткен маусымда 20 кездесуге қатысып, бір гол соқты. Сонымен қатар командасымен бірге Метрополитано чемпионаты мен Чемпиондар кубогында топ жарды.

Жоау Педро да 24 жаста. Қорғаушы бұған дейін Испанияның «Альзира» клубында ойнаған. Бразилиялық ойыншы техникалық шеберлігімен және қорғаныстағы әрекетімен ерекшеленеді.

Ал 22 жастағы Луис Камило – «Қайраттың» тағы бір жаңа бразилиялық ойыншысы. Ол да алматылық клубтың жаңа маусым алдындағы құрамын күшейту мақсатында шақыртылды.

Осылайша, Қазақстанның ең мықты футзал клубтарының бірі жаңа маусым алдында құрамына бірден үш бразилиялық ойыншыны қосты.

Реклама
Реклама