Биылғы маусымда клубты ресейлік бапкер Виктор Кумыков жаттықтырады
ФИФА қызылордалық «Қайсар» клубына салған трансферлік банды қайта алып тастады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Енді «Қайсар» басшылары легионерлерді ресми тіркеп, жаңа ойыншылармен келісімшарт жасай алады.
Айта кетейік, былтыр ел чемпионатында қызылордалық команда жарысты алтыншы орынмен аяқтаған болатын. Биылғы маусымда клубты ресейлік бапкер Виктор Кумыков жаттықтырады.