Криштиану Роналду ерсі қылығы үшін жазаланды – БАҚ

Редактор
29.02.2024, 13:19

Ол өз әрекетін біреуді балағаттау деп санамайды

Getty Images

Саудиялық «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду матч кезінде көрсеткен ерсі қылығы үшін жазаға тартылды деп жазады L’Equipe басылымы.

Дереккөздің мәліметінше, 39 жастағы португалдық футболшы бір матчтан шеттетілген. Яғни, келесі ойынды Роналду жанкүйерлермен бірге тамашалайды.

Есте болса, ішкі чемпионаттың кезекті туры барысында «Әл-Наср» «Әл-Шабаб» клубымен ойнап, сол ойында гол соққан Роналду жанкүйерлерге қарап ерсі қылық көрсеткен болатын. Қоғамда наразылық туғаннан кейін футболшының өзі бұл әрекетін біреуді балағаттау емес, қуанудың белгісі деп ақталған еді.

Биылғы маусымда Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубы сапында 29 ойын ойнап, 28 гол соқты.

Материалда: