Кейн өткен маусымда Бундеслигада 36 гол соққан
«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн 2025/26 жылғы маусым қорытындысы бойынша Еуропаның үздік сұрмергеніне берілетін «Алтын бутса» жүлдесінің иегері атанды. Мюнхендік клуб ағылшын футболшысына марапат арнайы салтанатты рәсімде табысталғанын хабарлады.
Кейн өткен маусымда Бундеслигада 36 гол соғып, Еуропаның ұлттық чемпионаттарында өнер көрсеткен футболшылар арасында ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Бұл – 33 жастағы шабуылшының мансабындағы екінші «Алтын бутса». Ол аталған жүлдені алғаш рет «Бавариядағы» дебюттік 2023/24 жылғы маусымнан кейін иеленген еді.
Осылайша, Кейн Германияға ауысқалы бері үш маусымның екеуінде Еуропаның үздік сұрмергені атанып отыр.
Енді Англия құрамасының капитаны «Бавариямен» бірге жаңа маусымға дайындалуда. Мюнхендік клуб алғашқы ресми кездесуін 22 тамызда өткізіп, Германия Суперкубогында дортмундтық «Боруссиямен» кездеседі.