Жарнама
Жарнама

«Каспийді» басқарған қазақстандық маман «Ертіске» ауысты

Редактор
24.08.2026, 16:11

Ерлан Шойтымов «Ертістің» бас бапкері атанды

ФК “Ертіс”

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының тізгінін қазақстандық маман Ерлан Шойтымов ұстады. Клуб 46 жастағы бапкермен келісімшарт жасалғанын ресми түрде хабарлады.

Шойтымов қазақстандық жанкүйерлерге футболшы ретінде де жақсы таныс. Ол 1999 жылы «Қайсар» сапында Қазақстан кубогын жеңіп алған. Қызылордалық клубтың жейдесінде 101 матч өткізіп, төрт гол соққан. Сондай-ақ «Ақтөбе» сапында 82 кездесуге қатысып, төрт рет мергендік танытқан.

Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін Шойтымов бапкерлік қызметке ауысты. Әр жылдары «Жетісай», «Байқоңыр», «Яссы» және «Қайсар» клубтарында еңбек етіп, бапкер көмекшісінен бас бапкерге дейінгі жолдан өтті.

«Ертіске» келгенге дейін қазақстандық маман Ақтаудың «Каспий» клубын басқарды.

Реклама
Реклама