Жарнама
Жарнама

«Жайық» футболшылары үш айға жуық жалақы алмаған

Редактор
24.08.2026, 17:33

«Жайық» клубы 2025 жылы ғана құрылған

amanvibe.kz

Бірінші лигада өнер көрсететін Оралдың «Жайық» футбол клубында қаржылық қиындықтар туындаған. Amanvibe мәліметінше, команданың кейбір ойыншыларына шамамен үш айдан бері жалақы төленбеген.

«Жайық» клубы 2025 жылы ғана құрылған. Соған қарамастан, араға бір жыл өтпей жатып командада еңбекақыға қатысты мәселе пайда болып отыр.

2026 жылы клубтың қызметіне бюджеттен 338 миллион теңге бөлінген. Алайда осыған қарамастан, кейбір футболшылар бірнеше айдан бері тиісті төлемдерін ала алмай жүргені хабарланды.

Қазіргі уақытта «Жайық» Бірінші лиганың турнир кестесінде бесінші орында келеді. Команданың спорттық нәтижесі жаман болмағанымен, қаржылық жағдай клубтың алдағы тағдырына қатысты сұрақ туғызып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Орал футболында да қаржы тапшылығына байланысты күрделі жағдай болған. «Ақжайық» клубы қаржыландыру мәселелерінен кейін қызметін тоқтатқан еді.

Әзірге «Жайық» басшылығы жалақы қарызы мен оның қашан өтелетініне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Реклама
Реклама