Olimpbet-тің ҚПЛ-дегі «Ордабасы» – «Қызылжар» және «Қайсар» – «Оқжетпес» матчтарына арналған сараптамасы
Қазақстан Премьер-лигасы. 24-тур.
«Ордабасы» (Шымкент) – «Қызылжар» (Петропавл). 29 тамыз, сағат 20:00 (Астана уақытымен).
Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясындағы сенбілік бағдарламаның басты кездесуінде ҚПЛ картасындағы ең оңтүстік және ең солтүстік клубтар өзара сынға түседі.
Olimpbet сарапшылары «Қызылжарға» қарсы матчта «Ордабасыны» айқын фаворит санайды. Олардың пікірінше, петропавлдықтардың кем дегенде тең нәтижеге қол жеткізуінен гөрі, шымкенттіктердің екі доп айырмасымен жеңіске жету ықтималдығы жоғары.
Турнирлік жағдай
«Ордабасы» Премьер-лигада жеке-дара көш бастап келеді әрі чемпиондық атаққа басты үміткер саналады.
Ал солтүстікқазақстандықтар «Каспиймен» бірге турнир кестесінің тоғызыншы және оныншы орындарын бөлісіп тұр. Олар шымкенттік командадан 19 ұпайға қалып келеді.
Статистика
Шымкенттік клуб – чемпионаттағы ең нәтижелі команда. «Ордабасы» осы уақытқа дейін қарсыластар қақпасына 43 гол соққан. Ал петропавлдықтар гол соғуда айтарлықтай қиналып жүр — олардың еншісінде 24 доп бар.
Солтүстікқазақстандықтар оңтүстік өкілдеріне қарағанда екі есе көп гол жіберген — 32 және 16. Осылайша, «Ордабасының» доп айырмасы оң көрсеткішке ие (+27), ал «Қызылжардікі» теріс көрсеткішті көрсетіп тұр (–8).
Өзара кездесулер тарихы
Қос команда бұған дейін 48 рет кездескен. Жалпы статистикада оңтүстік өкілдерінің басымдығы байқалады: «Ордабасы» 20 матчта жеңіске жетіп, 18 рет жеңілген, тағы он ойын тең аяқталған.
«Ордабасы» биылғы чемпионаттың бірінші айналымында, 25 сәуірде Петропавлда өткен кездесуде солтүстікқазақстандықтарды жеңді. Ал бұған дейін Шымкентте ҚПЛ аясында өткен «Ордабасы» мен «Қызылжар» арасындағы екі матчта да жеңімпаз анықталмаған.
Қорытынды
Алайда Olimpbet сарапшылары бұл жолы алаң иелерінің жеңіске жететініне күмән келтірмейді. Олардың бағалауынша, оңтүстік өкілдерінің жеңіске жету мүмкіндігі солтүстікқазақстандықтарға қарағанда төрт еседен де жоғары.
Сонымен қатар Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтетін кездесуде гол саны көп болмауы ықтимал.
«Қайсар» (Қызылорда) – «Оқжетпес» (Көкшетау). 30 тамыз, сағат 20:00
Шымкенттегі ойынмен қатар Қызылордада да матч өтеді. Жергілікті «Қайсар» көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдайды.
Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде айқын фаворит жоқ деп есептейді. Дегенмен олар қонақтарға болмашы басымдық беріп отыр.
Турнирлік жағдай
Командалардың осы маусымдағы міндеттері әртүрлі. Қазақстан кубогында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жеткен «дала қасқырлары» Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу үшін күресіп жүр. Қазір «Қайсарды» ҚПЛ-дан түсіп қалу аймағынан небәрі бір ұпай бөліп тұр. «Көкшетаулықтардан» өз алаңында жеңілсе, қызылордалықтар қауіпті аймаққа түсіп қалуы мүмкін.
Ал «Оқжетпес» еурокубок жолдамасына, тіпті жүлделі орындардың біріне таласып келеді. Қызылордадағы кездесу алдында көкшетаулықтар «Қайсардан» 16 ұпай алда тұр.
Статистика
«Оқжетпес» қарсыласына қарағанда көбірек гол соққан — 32 және 18. Алайда «Қайсар» аз доп жіберген — 27 және 29. Осылайша, көкшетаулықтардың доп айырмасы әлдеқайда жақсы: «Оқжетпесте» +3, ал «Қайсарда» –9.
Өзара кездесулер тарихы
Қос команданың өзара ойындарының жалпы статистикасында «Қайсардың» көрсеткіші жақсырақ. Қызылордалықтар 25 рет жеңіске жетсе, 16 матчта жеңілген. Тағы 11 кездесуде жеңімпаз анықталмаған.
Алайда «Қайсар» үш жылдан астам уақыттан бері «Оқжетпесті» жеңе алмай келеді. Осы аралықта қызылордалықтар қарсыласына екі рет есе жіберіп, тағы екі кездесуде ұпай бөліскен.
Қорытынды
Olimpbet сарапшылары матчта екі команда да гол соғады деп болжайды. Дегенмен «Қайсар Аренада» өтетін кездесуде гол саны көп болмауы ықтимал.
Олардың пікірінше, матчтың ең ықтимал нәтижесі — «Оқжетпестің» бір доп айырмасымен жеңіске жетуі.