Жарнама
Жарнама

«Үздіктердің үздігі берілмейді»: Ғалымжан Кенжебек жарақатынан кейін жазба жариялады

Редактор
Бүгін, 16:01
ФК "Ахмат"

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Грозныйдың «Ахмат» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек жарақатына байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Бұған дейін «Ахматтың» бас бапкері Станислав Черчесов қазақстандық футболшыны бірнеше күннен бері шап тұсындағы ауырсыну мазалап жүргенін айтқан еді.

Кенжебек Instagram желісіндегі сторисінде қысқа ғана жазба қалдырды.

«Үздіктердің үздігі берілмейді, түбінде олар жеңіске жетеді», – деп жазды футболшы.

Жарақатына байланысты Ғалымжан Кенжебектің 29 тамызда өтетін «Ахмат» – «Крылья Советов» кездесуіне қатысуы әзірге белгісіз.

Реклама
Реклама

Материалда: