Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташтан» кетіп, Ресейге оралуы мүмкін

Редактор
29.02.2024, 23:00

Клубтың жаңа бапкерінің өз жоспары бар

ANP via Getty Images

Түркияның «Бешикташ» клубында ойнайтын қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдинов жазғы трансфер уақытында Ресей Премьер-лигасына оралуы мүмкін деп жазады Vesti.kz.

Жазда стамбұлдық команда бірнеше ойыншыны сатып, өзгелерін сатып алады деп болжанып отыр. Клубқа жаңа келген бас бапкер Фернанду Сантуш жаңа маусымға өзінше дайындалуы мүмкін. Бақтиер Зайнутдинов қазір негізгі құрамнан орын алғанымен, тиімді ұсыныс түссе португалдық маман оны сатып жіберуі мүмкін. 

Бақтиердың өзі еуропалық клубтарға ауысуды көздегенімен, оны бұрынғы командасы ЦСКА қайтарып алуы ықтимал. Өйткені, қазір ресейлік клубтардың көбі сапалы қорғаушы іздеп жатыр. Сондықтан, сатылымға шыққан қазақстандық футболшыны РПЛ командалары жіберіп алмауға тырысады.

Айта кетейік, Зайнутдиновтың «Бешикташпен» келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін күшінде. Ол осы маусымда клуб сапында 33 ойын өткізіп, бір гол соқты.