Ол биыл 26 жасқа толады
Стамбұлдың «Бешикташ» клубында ойнайтын қазақстандық Бақтиер Зайнутдинов өзінің болашақ жары туралы айтты.
Журналист Дидар Сыдықбектің YouTube-каналына берген сұхбатында Бақтиер жеке өмірі мен ата-анасының қалауы туралы да әңгіме қылды.
«Қашан үйленетінімді білмеймін. Жақсы әйел табу – үлкен проблема. Ата-анамның не дейтіні қызық па? Олар менің әйелімнің Тараздан болғанын қалайды, басқа ешнәрсе айтпайды», - дейді Б.Зайнутдинов.
Айта кетейік, Бақтиер 1998 жылы Тараз қаласында туған. Қазір Стамбұл қаласындағы «Бешикташ» клубының және Қазақстан құрамасының ойыншысы. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең үздік сұрмерген.