Жарнама
Жарнама

«Құрамаға берерім қалмады»: Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады

Редактор
01.09.2026, 12:16

39 жастағы футболшы ұлттық құрама сапында 207 матч өткізіп, 125 гол соқты

© Maja Hitij - FIFA / Contributor / FIFA

Футбол тарихындағы үздік ойыншылардың бірі Лионель Месси Аргентина құрамасынан кететінін ресми мәлімдеді.

39 жастағы футболшы ұлттық құрама сапында 207 матч өткізіп, 125 гол соқты. Ол екі көрсеткіш бойынша да Аргентина рекордын орнатты. Месси 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатында командасын бас жүлдеге бастап, 2021 және 2024 жылдары Америка кубогын жеңіп алды.

«Уақыт өтіп, өмірдің жаңа парақтары ашылады. Ал бұл парақты жабу маған өте ауыр. Мен құрамаға барымды бердім, енді берерім қалмады. Артымыздан мүмкіндікке лайық керемет жас футболшылар өсіп келеді», – деп жазды Месси әлеуметтік желіде.

Сегіз дүркін «Алтын доп» иегері бұл мәлімдемені 21 шілдеде, Аргентина Испаниядан 0:1 есебімен жеңілген 2026 жылғы әлем чемпионатының финалынан екі күн өткен соң жазғанын айтты. Алайда оны әкесі Хорхе қайтыс болғаннан кейін ғана жариялаған.

«Бүгін әкеммен болған жағдайдан кейін бұл шешімімнің дұрыс екеніне бұрынғыдан да сенімдімін», – деді футболшы. 

Месси кәсіби футболдан толық кеткен жоқ. Ол АҚШ-тың MLS лигасында өнер көрсететін «Интер Майами» клубындағы мансабын жалғастырады.

Реклама
Реклама